Астанадағы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімінде «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын беру байқауының жеңімпаздарына сыйлық табыс етілді.
Биыл дауыс беру қорытындысы бойынша төрт кәсіпорын байқау лауреаты атанды. Солардың бірі «Орал трансформатор зауыты» ЖШС.
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев компанияның директоры Ақжол Сауранбаевқа марапатты табыстады.
Сондай-ақ марапаттау рәсімі аясында кәсіпкерлік қызмет саласындағы «Атамекен» ҚР ҰКП «Іскер» арнайы сыйлығының иегерлері есімі жарияланды. Олардың арасында «Іскер» сыйлығының иегерлері атанған «Zhulduz» ЖК «Мария ханым» сән үйі басшысы Жұлдыз Хұспанова бар.
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер