25.12.2018, 11:25
Оқылды: 201

Оралда «Өлкетану» кітабының таныстырылымы өтті

 БҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен 5-7 сыныптарына арналған «Өлкетану» оқулығының таныстырылымы өтті.

 DSC_0069

        «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлкетану» оқулығы әзірленіп, «Арман ПВ» баспасынан шығарылды.

        Аталған курс 2018-2019 оқу жылының ІІ жартыжылдығынан бастап «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «География» және «Музыка» пәндерінің аясында кіріктіріліп оқытылатын болады.

        Оқу жүктемесінің көлемі – 20 сағат (5-сыныпта- 5 сағат, 6-сыныпта - 7 сағат, 7-сыныпта - 8 сағат).

        Оқулық туған өлкенің табиғаты мен ерекшелігін, өлке шаруашылығы мен тұрғылықты халықтың кəсібі, өлке тарихы мен халықтың даму тарихын, этнографиялық ұлттық ерекшеліктері мен демографиясын, топонимика, өнерін,  мəдениетін тағы басқасын қамтиды. Аталған оқулық орта мектеп оқушыларына өлке тарихын тануға бағытталған.

         Оқулықты дайындау барысында БҚО мәдениет басқармасы, тарихи-өлкетану музейі, тарих және археология орталығының материалдары авторлық құқықтарын сақтай отырып, пайдаланылды.

         Оқулықты құрастыруға облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары, тәжірибелі педагогтар мен әдіскерлер қатысты.

DSC_0004

БҚО білім басқармасының

 баспасөз қызметі

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале