27.12.2018, 12:08
Оқылды: 44

Жаңақалада жас тілшілерге құрмет көрсетілді

«Жайық Пресс» медиахолдингінің ұйымдастыруымен «Өрімтал» жас тілшілер фестивалі өткен болатын. «Ғажайып өлке» деп аталған аталмыш фестивальдің іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, облыстық фестивальге қатысып келген ауданның жас тілшілерін Жаңақала ауданы әкімі Наурызбай Қарағойшин қабылдап, құрмет көрсетті.

 IMG_3681

         Аудан әкімі аудандық мәдени-демалыс орталығында өткен  «Жыл қорытындысы – 2018» атты салтанатты жиында жас тілшілерді құттықтап, сахна төріне көтерді. Облысымызда алғашқы рет ұйымдастырылған «Өрімтал» жас тілшілер фестиваліне ауданнан 3 оқушы қатысқан болатын. Олар С.Меңдешев мектебінің оқушысы Гүлназ Жасталапова (жетекшісі Эльмира Бисенова), Д.Нұрпейсіова атындағы мектептің оқушысы Ізбасар Бақытов (жетекшісі Венера Сапарова) және Жаңақала мектеп-гимназиясының оқушысы Райса Кенжеғалиева (жетекшісі Таңшолпан Қаршығақызы). Наурызбай Қадырбайұлы аттары аталған жас тілшілер мен олардың жетекшілеріне шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілей отырып, алғыс хат табыс етті.

         Ал армандарына бір қадам жақындаған жас тілшілер фестивальден алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушылар мен аудан басшылығына алғыс айтты.

Нұрғали Ғаббас,

Жаңақала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале