21.01.2019, 12:58
Оқылды: 51

Красновта мемлекеттік тілде білім алатын оқушы аз

Бүгін Бәйтерек ауданы әкімі Асхат Шахаровтың тұрғындармен есептік кездесуі Краснов ауылдық ауылдық округінде жалғасты.

 krasnov (3)

Аудан басшысы Асхат Шахаров аудандағы атқарылып жатырған жұмыстарды саралап, алда атқарылар жұмыстарға да тоқталды.

- Краснов ауылдық округінің негізгі бағыты – егін шаруашылығы. Соңғы жылдары мал шаруашылығының өсуі де қарқын алып келеді. Атап айтар болсақ, «Алина» және «Айдос» шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара мал өсіруде. Бұдан бөлек мал шаруашылығымен айналысатын «Карьер» және «Эврика» шаруашылықтары бар, - деді Краснов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Майра Құзайырова.

- Округте екі мектеп бар. Оның бірі Погодаев ауылындағы Қ.Ахмиров атындағы орта мектеп-балабақша, екіншісі Котельников ауылындағы бастауыш мектеп. Орта мектептегі 130 баланың 31-і мемлекеттік тілде, қалған 99-ы орыс тілінде білім алуда.

Округте 16 жеке кәсіпкерлік бар. Олардың бірі жүк және жолаушы тасымалы, сауда, қоғамдық тамақтану және тағы басқа салаларда еңбек етеді, - деді округ әкімінің міндетін атқарушы.

Жиын соңында тұрғындар сауалдарын қойып, жауаптар алды.

krasnov (2)

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале