22.01.2019, 17:48
Оқылды: 51

Салықтың жаңа түрі енгізілді

Теректі ауданында биылдан бастап енгізілген «Бірыңғай жиынтық төлем» жүйесін түсіндіру мақсатында жиын өтті.

IMG_4052-22-01-19-12-19

         Шараға БҚО бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері, ауданның жеке кәсіпкерлері мен түрлі мекеме-ұйымдардың есепшілері қатысты.

         Жиында облыстағы мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері Тимур Төлепов (мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы басшысы), Айман Қуанова ( түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы), Дина Қажигалиева (жанама салықтарды әкімгерлеу бөлімінің бас маманы) және Динара Кажгалиева (экспорттық бақылаудың бас инспекторы) «Бірыңғай жиынтық төлем» (БЖТ) туралы мағлұмат берді.

         Департамент мамандарының айтуынша, бірыңғай жиынтық төлемді енгізу өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға және сомасы мен түрлері шектелмеген медициналық қызметтерге қол жеткізуге, медициналық мекемелерді таңдауға; жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға әрі жүйеге қатысу өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемін алуға, еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылған жағдайға, жүктілік пен босануға, бала асырап алуға, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді.

         БЖТ-ны төлеушілер үшін кіріс салығы және әлеуметтік төлемдер бойынша ең төменгі мөлшер - республикалық маңызы бар қалаларда, Астанада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 АЕК (2525 теңге), басқа елді мекендердің тұрғындары үшін 0,5 АЕК (1263 теңге) деп белгіленді.

         Жиынға қатысқан теректіліктер жаңа салық түрі бойынша сұрақтарын қойды.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале