7.02.2019, 19:55
Оқылды: 21

Бөрлінің 17 елді мекенінде ойын алаңы пайдалануға беріледі

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен Бөрлі ауданының әкімі Санжар Әлиевтің жылдық есеп беру кездесуі өтті.

IMG_2107

-«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Смарт Ақсай – Қауіпсіз қала» жобасы жүзеге асырыла бастады. Ол интеллектуалды бейнебақылау жүйесі. Жоба 5 жылға есептелген. Осы бағдарлама аясында «Қазақтелеком» АҚ шаһардағы көп қабатты 86 тұрғын үйге 1200 бейнекамера, қала мектептері мен балабақшаларда 300-ден астам бейнекамера орнату үшін қауіпсіз ауланың бағдарламасы іске асуда.

Ақсай қаласында «7-20-25» бағдарламасы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін 126 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталды.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, жастар үшін жағдай жасап, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында «Қарашығанақ» стадионын қайта жаңарту жоспарда бар.

17 елді мекенде спорттық-жаттығу ойын алаңы салынады. Ақсай қаласында дәл осыған ұқсас 20 алаң, сондай-ақ 8 көп функционалды спорттық ойын-сауық кешенін салу жоспарда,- деді аудан әкімі Санжар Әлиев.

Айта кетейік, биыл Тихоновка, Успеновка, Бесағаш және Киров ауылдарында бөгеттерді күрделі жөндеу, Киров пен Бумакөлде жатақхана салу, Кеңтүбек және Ақбұлақ ветеринариялық пункттерін салу жоспарланған.

Киров, Успеновка, Облавка, Ақбұлақ ауылын сумен жабдықтауға жобалау-сметалық құжат дайындық үстінде.

Шаһардағы 4, 5, 10-шы шағын аудан және ескі қаланың су құбыры желілерін қайта жаңарту үшін жобалық-сметалық құжат кезең-кезеңімен әзірленуде. Ұзындығы 1 769 метр өздігінен ағатын кәріз коллекторының учаскесін қайта жаңарту күн тәртібінде тұр.

-Мемлекет басшысының тапсырмасымен, «Ақсайжылуқуат» МКК тарифті төмендетті. Нәтижесінде, су 3%-ға, ыстық су 12%-ға, жылу энергиясының бағасы 13%-ға түсті.

Биыл жалпы ұзындығы 19 шақырым жол жөндеу жоспарда бар. 13-ші ықшамауданнан Қызылтал ықшамауданына дейінгі 17 көшені жөндеудің жобалық-сметалық құжаты аяқталу сатысында. Жаңа көпфункционалды халыққа қызмет көрсету орталығы үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеу басталды,-деген аудан әкімі Санжар Жұматайұлы, есептік кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале