13-16 ақпан аралығында БҚО оқушыларының командасы Алматы қаласында өткен республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауына қатысты.
Барлығы 625 ғылыми жоба тыңдалған байқауға, еліміздің барлық өңірінен оқушылар қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша батысқазақстандық оқушылар 2 алтын медаль, 4 күміс және 5 қола медальмен марапатталды.
«Қамшы мен сәбіз методының бала психологиясына әсері» жобасымен Орал қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Назгүл Кажалаева (жетекшісі Шынар Қаратаева), «Қазақ, орыс және ағылшын халықтарының мәдениеті мен дәстүрінің мақал-мәтелдерде көрініс табуы» тақырыбымен жоба қорғаған №35 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Эльдар Каресов ( жетекшісі Әлия Қайыржанова) І орынды иеленді.
Ал Зеленов ауданы Щапов мектебінің 9-сынып оқушысы Милана Чернухина, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Салидат Тілекқабыл, Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Шадияр Елеубаева, №44 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Қымбат Орынғалиева ІІ орын иегері атанды.
Орал қаласындағы №35 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Евгений Бондаренко, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Зарина Сержанова, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушылары Ернар Сағындықов пен Альберт Адилов, №33 мектептің 9-сынып оқушысы Нұрберген Дарбай да жүлдегер атанып, ІІІ орыннан көрінді.
Үміт Жәңгірова,
БҚО білім басқармасының
баспасөз хатшысы