22.02.2019, 11:30
Оқылды: 46

Жетікөлдік жастар ұлттық ойындарды дәріптеді

«Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және «Қайсар» спорт клубы белсенділерінің мұрындық болуымен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Жетікөлде «Жастар - жарқын болашақ» атты жастар форумы өтті.

jetikol (2)

      Форумда түрлі ойын мен спорттық жарыс ұйымдастырылды. Соның алғашқысы командалардың ептілігі мен екпінділігі, шапшаңдығы мен ұшқырлығы сыналған квест ойыны болды. Уақыт шеңберінде бағы мен бабын сынға салған сайыста мұғалімдердің «Ұлағат» командасы ІІІ, 10-сынып оқушыларынан құрылған «Жалын» командасы ІІ, 11-сынып оқушыларының «Грант» командасы І орынға ие болды.

      Ата салтымызды айшықтаған тай мен құнан жарысы форумның сәнін кіргізді. Тай жарысында ІІІ орын 9-сынып оқушысы Кеңес Ақжолға бұйырса, екінші боп 4-сынып оқушысы Ерсайын Ермаxан мінген тай келді. Ешқайсысына дес бермеген 11-сынып оқушысы Саясат Еркебұланның сәйгүлігі бірінші келді. Ал құнан жарысында Герой Ғаділбек шапқан тұлпар мәре сызығын бірінші кесті. Халит Ғанидің мінген құнан екінші, Ерғали Өтеевтің сәйгүлігі үшінші боп келді.

      Қол күресі жарысы да мықтыларды анықтап берді. Азамат Мамышев қарсыластарынан асып түсіп жеңімпаз атанды. Асылбек Алиxанов ІІІ, Аренжан Темірxанов ІІ орынға ие болды.

jetikol (1) jetikol (3) jetikol (6) jetikol (8)

 Гүлжанат Баxитжанова,

Сырым мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале