10.04.2019, 12:16
Оқылды: 9

Киіктің мүйізін шекарадан алып өтпекші болған өзбекстандық ұсталды

«Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 9 сәуір сағат 11:45 шамасында «Сырым-Авто» шекара бекетінде Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері шекара қызметімен бірлесе тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының 1970 жылы туған азаматын ұстады.

 saigak (2)

Шетелдік азамат сөмкесіндегі 148 дана киіктің мүйізімен шекарадан өтпекші болған.

Бұл факті бойынша Бәйтерек ауданының Приурал полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу).

БҚО Полиция департаментінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале