29.05.2019, 16:45
Оқылды: 61

Ауруханада емделер кезде нені білу қажет?

Аурухағаға жоспарлы жатқызу – созылмалы ауруға шалдыққан пациенттерді адам өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда дәрігер жолдамасы бойынша стационарда емдеу. Ауруханаға шұғыл түрде жатқызу – пациент өміріне қауіп төндіретін, кезек күттірмейтін жағдайларда стационарда емдеу.

 1

Алдымен емханадағы дәрігеріңізге баруыңыз керек. Дәрігер сізді қарап, ауруханаға жатып емделу қажеттігін растау мақсатында бірқатар тексеруден өтуге жібереді. Тексеруден өтіп, жолдаманы рәсімдеген соң емделетін медицина ұйымын дәрігермен бірге таңдауыңызға болады. Ауруханаға жатқызу туралы өтінішті тіркеуіңіз қажет. Сіз туралы мәліметтер «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталына тіркеледі. Көп жағдайда ауруханаға жатқызатын күн автоматты түрде белгіленеді.

Онкологиялық, психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық, жұқпалы аурулар ауруханасы сынды мамандандырылған клиникаларға жатқызатын күн стационар қызметкерлерімен бірге белгіленеді.

Ауруханаға жатқызу талонын аласыз, қолыңызға коды бар талон беріледі. Кодты https//bg.eisz.kz сайтына тіркеп, кезекті қадағалауыңызға болады. Ауруханаға жатқанға дейін дәрігердің нұсқауын орындаңыз. Жататын күні мына құжаттарды ала баруды ұмытпаңыз: жеке куәлік; ауруханаға жатқызу талоны, диагностикалық зерттеулер қорытындысы, ауруханаға жатқызу туралы жолдама.

         Егер сіз басқа қаладағы ауруханада жатып емделетін болсаңыз, ертерек билет сатып алуды ұмытпаңыз. Ауруханаға жатқызуға кедергі келтіретін жағдайлар туындаса, дәрігерге ескертуіңіз керек. Әйтпесе, ауруханаға жатқызу туралы өтініштің күші жойылуы мүмкін.

         Сізді ауруханаға жатқызудан бас тартуға қандай жағдайлар себепкер болуы мүмкін? Егер пациент ауруханаға жатқанға дейін қажетті тексерулерден толық өтпеген жағдайда, тиісті тексерулерден қосымша өту керек. Пациентте жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға қарсы көрсетілімдер болса, мысалы, респираторлық вирустық инфекцияға шалдықсаныз, кейін қайта бару қажет. Пациентке стационарлық көмек көрсету қажеттігін растайтын көрсетілімдер болмаған жағдайда ауруханаға жатқызылмайды.

МӘМС КеАҚ-ның БҚО

бойынша филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале