3.07.2019, 10:28
Оқылды: 26

«Су құбырын қайта жабдықтау қажет»

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Бәйтерек ауданы Переметный ауылындағы «ҚазСуШар» РМК Камен филиалында болып, су сорғы станциясының жұмысымен танысты.

IMG_3986

Аталған станция бүгінде ауданның он елді мекенін таза ауыз сумен қамтып отыр. 1982 жылы пайдалануға берілген станцияның су айдағыш құбырлары 2003 жылы жаңартылған. Дегенмен сол кезде орнатылған полиэтилен құбырлардың сапасы белгіленген нормаларға сай келмегендіктен, бүгінде судың қысымына шыдас бермеуде.

- Станцияға су жеткізетін негізгі құбырдың жиі істен шығуы жұмысымызға қолбайлау болуда. Дәл қазір он шақырымға жуық су құбыры пайдасыз. Күні кеше екі жерден құбыр тесіліп, тұрғындарға су беруді уақытша тоқтатуымызға тура келді. Бұл станция 24 мыңнан астам өңір тұрғынын таза ауыз сумен қамтиды. Бәйтерек ауданына қарасты ауылдардан бөлек, бұл жерден Орал қаласы маңындағы бірқатар шағын ауданға су жеткізіледі. Ал шаһардың Зашаған кенті маңындағы үйлердің де, тұрғындардың да саны күн санап өсуде. Сондықтан болашақта бұл су станциясын қайта жабдықтаудан өткізіп, 15 ұңғыма қазу керек болады,-деді «ҚазСуШар» РМК БҚО Камен филиалы директорының орынбасары Талғат Қажғалиев.

Мәселенің мән-жайымен танысқан өңір басшысы жан-жақты зеттеу жүргізіп, алдағы уақытта түйткілдің шешілу жолдарын қарастыратынын айтты.

Нұрбек Оразаев

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале