15.07.2019, 18:38
Оқылды: 78

Депутат Бәйтеректе болды  

15 шілде күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин жұмыс сапарымен Бәйтерек ауданында болды. Депутат алдымен Калинин ауылында салынып жатқан үйлердің барысымен танысты. 23 жаңа баспананың құрылысын «Жиенбай» ЖШС жүргізуде.

deputat baiterek (1)

-Үйлердің жалпы көлемі 65 шаршы метр. Ұлттық экономика министрлігі ауданы осы көлемнен аспау қажеттігін көрсетті. Осы баспанамен көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қамтып, жалға беру жоспарда бар. Ал ай сайынғы жалға беру 4000 теңгенің төңірегінде болмақ. Сондай-ақ тұрғындарға бүгін үкімет отырысында айтылған «Бақытты отбасы» бағдарламасын түсіндіретін боламыз, - деді аудан әкімі Асхат Шахаров.

Айта кету керек, 23 үйден бөлек, осы Мұнайшы шағынауданында екі екі қабатты, әрқайсысы 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталуда.

Бұдан соң меймандар «Элайтс» ЖШС  мемлекеттік жеке серіктестік жобасы аясында «SunkarSmartSity» интелектуалды бейнебақылау жүйесі камералары іске қосылған полиция бөлімінде болды.

deputat baiterek (2)

 

«SunkarSmartSity» жобасының жетекшісі Александр Молчановтың айтуынша, қосылғанына аз уақыт болған бейнебақылау камераларының арқасында тоғыз қылмыс ашылды. Орын алған қылмыстардың қатарында зорлау, көліктерді айдап кету және ұрлық жасау бар. Осылардың ішінде ең көп орын алғаны бөгде біреудің затын жымқыру.

Аудандық әкімдікке келген Қанат Сергейұлы zem.kz сайтымен және Бәйтерек ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы барысымен танысты.

Latyn Baiterek (2)

- zem.kz сайтынан бос жатқан жерлер, кезекте тұрғандар мен жер учаскелерін алған адамдар, аукционға қатысушылар туралы ақпараттар берілген. Егер бір адам құрылыс жүргізбек болса, осы көрсетілген сайтқа кіріп, жерді таңдап, сол бойынша лоттың алғашқы жарнасын төлеп, ЭЦҚ алып тіркеледі. Содан соң тапсырыс бере алады. Біз тапсырысты ғаламтор арқылы қарап, барлығы талапқа сай болса, аукционға қатысуға рұқсат береміз. Бүгінгі таңда үй салу үшін сегіз мыңнан астам адам жер кезегінде тұр. Тұрғын үй салу үшін Переметный, Белес және Володарка ауылдарынан жер берілуде. Енді күзде жер телімі Дариян ауылынан берілетін болады, - деді аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қайрат Төлегенов.

Өз кезегінде депутат ауданда атқарылып жатқан игі істерге оң бағасын берді.

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале