25.07.2019, 14:34
Оқылды: 138

Жымпитылықтар жәрмеңкелерде 10 миллион теңгеге сауда жасаған

 Жылдың басынан бері Сырым ауданының орталығы Жымпитыда жәрмеңке 16 рет ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің берген мәліметінше, жәрмеңкелерде 25, 4 тонна өнім сатылып, халық 10 205 750 теңгеге сауда жасаған.

oznor

Жәрмеңкелерді өткізудегі басты мақсат не? Ол туралы Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев «Сырым елі» қоғамдық – саяси газетіне берген сұхбатында былай дейді:

-Халықпен кездесулерде ет бағасының арзандап кеткенін, қымбатырақ бағаға өткізетін жердің жоқ екенін айтып, мәселе көтеріп жатады. Мен бұл жерде мәселе көріп тұрған жоқпын. Жымпитыда өтетін бір жәрмеңкеде бас – сирағы, ішек – қарынымен бірге 4 малдың еті санаулы сағатта сатылып кетеді. 2019 жылғы жәрмеңке науқаны басталғалы 4 тонна 355 келі ет сатылыпты. Қаймақ – май, ірімшік пен құрт та сондай өтімді тауарлардың қатарына жатады. Қазір ауыл адамдары көбі қорасында мал  ұстайды. Малдың сүтін, қаймағын бір аптадай жинап, жәрмеңкеге әкеліп сатса – ол жанұя әжептеуір пайда табады. Жәрмеңкені ұйымдастырудағы басты мақсат - әрбір тұрғынның өз ауласындағы өнімін өткізуге мүмкіндік беру, сол арқылы тұрғындардан кәсіпкер жасау. Жұмыссыздықты кәсіппен ғана жеңуге болады, - дейді аудан әкімі.

Бүгінгі күні ауданда 20 адам «Игілік» бағдарламасымен 57, 5 млн теңге несие алып, 164 ірі қара, 10 жылқы сатып алды. Ол жанұялар да жаңағыдай жолмен шаруашылықтарын табысты бизнеске айналдыруды ойлап отыр.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале