Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Талбұлақ ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде «Шырдай» шаруа қожалығының судан алқабында болды.
Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Азамат Әбдірашевтың айтуынша, шаруашылықтың екпешөп алқабы 300 га құрайды. Ору жұмыстары апта бұрын басталып, оған әзірге агрегатымен қоса 1 дана техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, аудандағы мал азығының қорының жоспары 148, 9 мың тонна болса, ол жоспар бүгінгі күні 41 пайызға орындалды. Қазіргі уақытта 179, 67 га жер шабылып, орташа өнімділік 3, 0 центнерді құрап отыр.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz