28.08.2019, 10:26
Оқылды: 13

Қаратөбеде мұғалімдердің тамыз кеңесі өтті

Қаратөбе ауданында білім беру қызметкерлерінің «Келешекке кемел біліммен» тақырыбында аудандық тамыз кеңесі өтті.

IMG_1413

Аудан мұғалімдерін жаңа оқу жылымен құттықтаған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшаұлы сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Ұстаздар конференциясының пленарлық жұмысының алғашқы сөз кезегі аудан әкімі Жанат Асантаевқа берілді. Аудан басшысы 2018-2019 оқу жылында білім беру саласында атқарылған жұмыстар және қол жеткізген жетістіктерімен қатар, алда тұрған келелі міндеттерге тоқталды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың мұғалімдердің еңбекақысын төрт жыл ішінде екі есеге өсіру туралытапсырма беріп, ұстаздарға мемлекет тарапынан қарастырылып жатқан жан-жақты жағдай турасында әңгімеледі.

IMG_1435

Кеңесте БҚО білім басқармасының бөлім басшысы Саягүл Алипбаеваның «БҚО-ның білім беру жүйесін цифрландырудың жол картасын іске асыру», «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, тренер Бибігүл Ғабдрахманованың «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс, тәжірибе, болашағы», Егіндікөл мектебінің директоры Ақмарал Мұқанованың «Жаңартылған білім мазмұны негізінде табысты мектепті басқарудағы инновациялық қадамдар», Ханкөл мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұржанар Орынбасарованың «Жаңғыру жолындағы жас маман» атты хабарламалары тыңдалды.

IMG_1466

Кеңес барысында саралжындық зейнеткер ұстаз Зәреден Өтениязовқа «Ы.Алтысарин» төсбелгісі, ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы және алғыс хаты ауданның бір топ мұғаліміне табысталды.

IMG_1471

Облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталары және алғыс хаттарын 15-ке тарта аудан ұстазы иеленсе, 2018-2019 оқу жылы қорытындысы бойынша «Облыстың білім саласын жетілдіру жұмыстарының озық ұйымдастырылуы» байқауының «Ерекше балаларға – ерекше қамқорлық» аталымымен  Мұхит мектебі, «Ауданның білім саласын жетілдіру жұмыстарының озық ұйымдастырылуы» атты аудандық байқауының «Жаңашылдыққа қадам басқан ауыл мектебі» аталымымен Қалдығайты мектебі марапатталды.

IMG_1505

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале