29.08.2019, 18:40
Оқылды: 171

Оралда Қала күніне арнайы логотип жасалды

Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.

logotip

 -Биыл қала күніне орай арнайы логотип жасалды. Логотиптің жоғары мен төменінде көк түсті үш толқын бейнеленген. Үш толқын қаланы айналып ағып жатқан Жайық, Шаған, Деркөл өзендерін білдіреді. Ортасындағы жасыл түсті бейне қаланың жасыл желекті, көкке бай екендігін аңғартады. Әрі шексіздік суреті мұндай байлықты ұрпақтан ұрпаққа қалдырып, сақтауды қажеттігін көрсетіп тұр. Бейне ұлттық оюға да ұқсас. Бидай бейнесі шаһардың айналасы егістікке бай және ауыл шаруашылығының дамып жатқанын көрсетеді. Логотипті жергілікті жарнама агенттіктердің бірі дайындады,-деді Бақытжан Хаберұлы.

Динара Насыр,

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің тілшісі

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале