4.09.2019, 19:32
Оқылды: 64

«Желаев нан өнімдерінің» 50 пайызы экспортқа шығады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Ақ Жайық өңіріндегі сапары «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ-да жалғасты.

mamin jelaev (7)

Желаев комбинаты 10 611 ұн және 10 730 макарон өнімін өндіреді. Ұжымда 597 адам еңбек етіп, нәпақасын тауып жүр. Ұн өнімдерін өндіру қуаттылығы жылына 112 500 тонна болса, 28 961 тонна макарон дайындайды.

mamin jelaev (6)

Мұндағы ұн мен макарон зауыты еуропалық құрылғыларымен жабдықталған. Ақжайық өлкесінде өндірілген өнімнің жартысы еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтілуде. Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстанға экспортқа шығарылуда. Кәсіпорын 2012 жылы «Italplast» итальяндық әмбебап құрылғымен жабдықталған №2 макарон фабрикасын іске қосқан. Нәтижесінде сағатына 600-700 килограмм макарон өнімі (жайма, кеспе, спагетти, фетучини, ричи, букатини) өндіріліп, «Мартин» және «LaPastaDiFelice» сауда атауымен саттыққа шығарылып келеді.

mamin jelaev (1)

-Былтыр қуаттылығы жылына 12-14 мың тонна макарон жасайтын үшінші цехты іске қостық. Заманауи құрылғылар Италиядан әкелінді. Алғашында мал шаруашылығымен айналыса бастаған едік. Алайда мүйізді ірі қаралардан бруцеллез шығып, союға тура келді. Мында өндірілетін өнімнің 50 пайызы экспортқа шығады.

mamin jelaev (3)

Айта кетсек, 25 пайызы Ресейге, 10 пайызы Ауғанстанға, 10 пайыздан жоғары Түркіменстанға және бес пайызы Тәжікстанға жіберілуде. Макарон, ұн өнімдері өңірде жиналатын бидай дақылдарынан жасалады,- деді «Желаев нан өнімдері» АҚ-ның акционері Александр Матевосян.

mamin jelaev (4)

Гүлсезім Бияшева

суретке түсірген Рафхат Халелов

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале