21.09.2019, 9:36
Оқылды: 171

Теректіде сауықтыру кешені ашылды

Теректі ауданы орталығында жеке кәсіпкер Сержан Идиятовтың өз қаражатына салған сауықтыру кешені ашылды.

IMG_0021-800x533

Кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Әділ Жоламанов, ауданның құрметті азаматтары және тұрғындар қатысты.
Сауықтыру кешенінің құрылысына 200 млн. теңге жұмсалған.

IMG_0017-800x533

Кешен 100 адамға арналған қоғамдық монша, бассейн, пиццерия, караоке-клуб секілді орындарды қамтиды. Сауықтыру кешенінің тұсауы аудан күнінде кесілгенімен, қолданысқа әлі берілмеді. Кәсіпкер жуық арада кешенге қажетті барлық құрылғыларды әкеліп, теректіліктер жаңа демалыс орнына ие болады деп сендіруде.

IMG_0029-800x533

Нысанның ашылу салтанатында аудан басшысы Әділ Тауфиқұлы сөз сөйлеп, туған жерінің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жатқан кәсіпкердің жұмысына жеміс тіледі. Тұрғындар атынан ауданның құрметті азаматы Василий Савченко сөз алды. Ол Федоров ауылында дүниеге келіп, кішкентайынан еңбекке құштар болған Сержан Серікұлының ауылға деген қамқорлығына ризашылығын білдірді. Аудан әкімі Әділ Жоламанов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлім Қоқашев нысанның лентасын қиды.
Кешен іске қосылған сәтте 20 адам жұмыспен қамтылады.

Әділет Орынбасарұлы
Теректі ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале