Оралда «Волна» бау-бақша серіктестігі, №143 учаскесі мекенжайындағы саяжай өртенді. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт туралы хабар 27 қыркүйек сағат 01.46-да түскен. Тілсіз жау 35 шаршы метр жерді шарпыған.
Өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан 1961 жылғы азамат, әйел мен баланың мәйіті табылған. Әйел мен баланың аты-жөні анықталуда. Өрттің шығыны есептеліп, себебі және кінәлі тұлғалар іздестіріліп жатыр.
Оқиға орнында жеке құрамнан 9 адам және 2 бірлік техника, БҚО ТЖД ЖҚЖ 5 құтқарушы және 1 бірлік техника жұмыс істеді. Өрт 5.15-те толықтай сөндірілді.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер