30.09.2019, 10:31
Оқылды: 42

Тасқалада киіз басудан аудандық сайыс өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық өнерімізді жаңғырту мақсатында Тасқала ауданы Амангелді ауылында мекемелердің ұйымдастыруымен «Бабадан қалған бар байлық» атты киіз басудан аудандық сайыс өтті.

tasqala (1)

Әр округтен келген 6 команда тұскиіз басты. Олар киізді қалай басу керектігін іс жүзінде көрсетті.

Нәтижесінде мерекелік әжелер басқан текемет ең үздік деп танылып, бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын шежіндіктерге бұйырды. Ал үшінші орынды мерейліктер қанжығаларына байлады.

Әділқазылардың шешімі бойынша «Ұрпақтар сабақтастығы» аталымын Достық ауылдық округі иеленсе, «Ұмтылыс» аталымын Қазақстан ауылдық округі, ал «Шебер қолдар» аталымын амангелдіктер еншіледі.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале