12 қазаннан бастап ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі М.Ихсанов көшесінен «Весы» сауда үйіне ауысады. Жәрмеңке бұрынғыша әр сенбі сайын өткізіледі, деп хабарлады Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкені көшірудегі мақсат – тұрғындар мен сатушыларға қолайлы жағдай жасау екен. Ал «Весы» сауда үйі қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, сауда алаңдары кәсіпкерлерге тегін беріледі.
«Весы» сауда үйі Д.Нұрпейісова көшесі 40/2 мекенжайында («Жалын» базарының артында) орналасқан.
Сауда орындары бойынша қосымша ақпарат алу үшін «Весы» сауда үйінің әкімшілігіне мына телефондар арқылы хабарласу керек: 8-777-135-92-33, 8-776-117-24-28.
Жәрмеңкеге қатысты өзге де сұрақтар бойынша Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі (50-52-06) мен Орал қаласының ауыл шаруашылық бөліміне (50-09-77) хабарласуға болады.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер