БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Сүйінбаевтың мәлім еткеніндей, аталған оқиға туралы қыздың ата-анасы бірден полицияға жүгінбеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде ақпарат тарап кеткеннен кейін жедел тергеу тобы мен учаскелік инспектор қыздың мекенжайына барып, содан соң тергеу амалдары жүргізілді.
«Жедел іздестіру шаралары барысында 1973 жылғы ер адам қолға түсті. Қыз оны таныды. Кеше ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бүгін қылмыс 125-бап 2-бөлігіне (адам ұрлау) қайта дәрежеленді. Қылмыстың анық-қанығы туралы кейін айтылатын болады», - деді С.Сүйінбаев.
Ол сондай-ақ қызды құтқарып қалған әйелдің кім екендігі анықталып жатқандығын жеткізді.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер