24.10.2019, 12:48
Оқылды: 38

Бөкей ордасындағы М.Мәметова атындағы мектепке күрделі жөндеу қажет

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Бөкей ордасы ауданындағы М.Мәметова атындағы мектептің жұмысымен танысты.

orda mektep

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов мектеп ғимаратын күрделі жөндеу қажет екенін айтты. Ғимаратының қабырғасы сетінеп, бір бұрышының құлау қаупі бар. Мектеп шатырынан аққан су ғимарат ішіне кетуі салдарынан концерт залының төбесіндегі сылақтар түскен. Бу қазандығы орналасқан ғимараттың да тозығы жеткен. Білім нысанын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткізілді. Жалпы құны – 307 млн. 757 мың теңге.

Мектеп директоры Асылхан Аманғалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта 394 оқушы білім алуда. Білім ошағында 54 педагог еңбек етуде. М.Мәметова атындағы мектеп 1976 жылы салынған. 2009 жылы ғимарат ағымдағы жөндеуден өткізілген.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жұбан Ғұмаровтың сөзінше, соңғы бес жыл ішінде Бөкей ордасы ауданында 18 мектептің 6-уы күрделі жөндеуден өтті. Биыл 307,7 млн. теңгеге М.Мәметова атындағы мектептің және 218,9 млн. теңгеге М.Бегалиева атындағы мектептің ғимаратын және 76,5 млн. теңгеге аудандық туризм орталығын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарының ЖСҚ-лары әзір. Бұған қоса Тайғара, Үштерек, Сейітқали бастауыш мектептерінің және Б.Жәнекешев атындағы мектеп жанындағы интернаттың күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасақталуда. Аудан бюджеті есебінен Бөрлі ауылындағы «Балдәурен» балабақшасының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Былтыр көгілдір отынмен қамтылған елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды газға қосу жұмыстары биыл да жалғасын табуда. Бүгінгі күні Ш.Жексенбаев және Т.Масин мектептері газға қосылды. Осы айдың аяғына дейін «Балдәурен» балабақшасын газға қосу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

bokeiorda (5)

 Айта кетейік, облыста сегіз мектеп апаттық жағдайда қызмет етуде. Алты мектепте балалар үш ауысымда оқиды. Мектептердің апаттылығын жою және үш ауысымды оқытуды қысқарту мақсатында 2019 жылы республикалық бюджеттен екі мектептің құрылысын бастауға 2 млрд. теңге бөлінді. Биыл облыста 4 білім беру нысанына күрделі жөндеуі жүргізілуде. Жергілікті бюджет есебінен 65 млн. теңгеге 209 мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

bokeiorda (18)

Мұнымен қоса облыс әкімі Ғали Есқалиев аудандық балалалар техникалық шығармашылық орталығының және аудандық балалар саз мектебінің жұмысымен танысты.

bokeiorda (8)

Нұртай Текебаев

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале