Жәнібек ауданында облыстық сот судьясы қатысуымен жиын өтті.

Басқосуға Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Махамбет Бақтығұлов, аудандық соттық төрайымы Әсел Жамантаева, мекеме және ұйым басшылары, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Жиында аудандық соттың төрайымы Әсел Жұмағұлқызы 9 айда атқарылған жұмыстар мен енгізілген өзгерістер туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, «Түнгі сот» жобасы арқылы 15 әкімшілік іс қаралған. Үш тоқсанда неке бұзу туралы 32 арыз түсіп, оның 6-уы аудан медиаторларының көмегімен қысқартылып, арыз берушілер қайта татуласқан. Сондай-ақ медиаторлардың қатысуымен сотта 5 азаматтық, 12 қылмыстық және 33 әкімшілік іс қысқартылды.

Өз кезегінде Махамбет Сапарұлы сот жүйесіне енгізілген өзгерістердің халық үшін оңтайлылығын айтып, жасалып жатқан құқықбұзушылықтарға тоқталды. Мысалы, 9 айда облыс аумағында сыбайлас жемқорлық бойынша 21 үкім қаралып, 23 тұлға жауапкершілікке тартылған. Жауапкершілікке тартылғандардың ішінде кәсіпкер, мемлекеттік қызметкер, полиция бар.
Г.Мәди
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер