28.10.2019, 15:54
Оқылды: 29

Бәйтерек аудандық сотында фронт-кеңсе ашылды

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Open Space» азаматтарға тосқауылсыз қызмет көрсету қағидатына көшуде.

 baiterek (1)

БҚО сотының судьясы Ерлан Идиров №2 Бәйтерек аудандық сотына арнайы келіп, «Үлгілі сот» бағдарламасының аясында іске қосылған жаңа фронт-кеңсенің ашылуына қатысты.

- Кеңседе халықтың нақты сұранысы бойынша сот төрелігінің тиімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізіледі. Фронт-кеңсе халыққа қызмет көрсетудің заманауи техникамен барынша жабдықталған. Келген азаматтар мен азаматшалар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, қажетті анықтамаларды ала алады. Бұл сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде дәлелдейді, - деді №2 аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ербол Нұрсұлтанов.

Одан кейін БҚО сотының судьясы Ерлан Идиров пен Ербол Еділбайұлы жаңа фронт-кеңсенің лентасын қиды.

Гүлжан Аязбаева

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале