22 қараша сағат 17:00-де Қазақстанның барлық қалаларында «Халық заңгері» атты жалпы ұлттық акция басталады.
Біздің мақсатымыз осы акция арқылы - халықтың құқықтық сауатын арттыру. Кез келген азамат келіп, заңгерлік қоғамдастықтың үздік өкілдерінен қажетті кеңес ала алады. Олардың қатарында танымал заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет басқармасы қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары бар.
Акцияны zakon.kz интернет-басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі,«Параграф» ақпараттық жүйесі және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастыруады. Сонымен қатар бұл акцияны Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады.
Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» қазақстандықтар үшін дәстүрлі жобаға айналды.
Акция Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы шағынауданы, 18-үй, Оқушылар және жастар сарайында өтеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі