Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының қолдауымен «Ұмыт қал
Шараға Ашысай, Ақбұлақ, Ақтау, Қарағаш, Шыңғырлау ауылдық округінен топтар және «Асыл қазына» ардагерлер тобы қатысып, салт-дәстүрге байланысты театрландырылған көрініс көрсетті.
Ащысай ауылының «Сымбат» тобы «Қыз жасауын», Ақтаулық «Асыл» тобы «Көрісу айт», қарағаштық «Қаракөз» тобы «Жоқтау», ақбұлақтық «Ақ әжелер» «Құда түсу», Шыңғырлау ауылдық округінің «Ақмаржан» тобы «Құрсақ көтеру», «Асыл қазына» тобы «Құйрық бауыр» салтын қара өлеңмен әдемі жеткізе білді.
Ащысай ауылының 82 жастағы тұрғыны Нұрғанша әже, ақтаулық Клим Бексейтов ата, қарағаштық Күләш Янтурсина әженің айтқан қара өлеңдері жұртшылықтың жүректеріне жеткендігінде сөз жоқ.
Шара қортындысында аудандық «Асыл қазына» тобы І орын, қарағаштық «Қаракөз», ақбұлақтық «Ақ әжелер» тобы ІІ орынға ие болса, ІІІ орынды ақтаулық «Асыл» тобы, Ащысай ауылынан келген «Сымбат» тобы, Шыңғырлау ауылдық округінің «Ақмаржан» тобы иеленді.
Қалампыр Жұбаниязова,
Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінің әдіскері