20.11.2019, 11:23
Оқылды: 9

Саралжында сақтық шаралары жүргізілді

Жылыту маусымына байланысты өрттің алдын алу мақсатында өтіп жатқан айлық аясында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Махамбет Қажыгереев пен Қаратөбе аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэльс Искаков бастаған бөлім өкілдері мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмыс жоспарына сай Саралжын ауылдық округінде болды.

 qaratobe tj (2)                      

Тұрғындардың үйлеріндегі газ қондырғылары мен электр сымдарының жағдайы, пешпен жылытылатын пәтерлердің мұржалары қадағаланды. Тұрғын үй иелеріне түсінік жұмыстары жүргізіліп, сақтық шараларына арналған жаднамалар, парақшалар таратылды.

 Округтегі Б.Қаратаев атындағы Саралжын мектепте аудан тұрғындарымен жиналыс өтті. Жиналыста ауданнан арнайы келген өкілдер жиналыстың басты мақсаты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталуы, улы газдан сақтану, газ қондырғылары ақауынан болатын жарылыстар мен электр сымдарының тұйықталуынан шығатын өрттің алдын алуды назарға алды.

 Ауыл тұрғыны Бақтыгүл Ғафуринова пәтер ішілік электр сымдарының жалғануын, электр қондырғыларының жағдайын қадағалайтын электрик маманның болмауы қиындық туғызатындығын алға тартып, осы жұмыстарды жүргізетін электрик болса деген сауалын тастады. Бұл сұраққа ауылдық округ әкімі Жасұлан Ермеғалиев жауап берді.

Жиналысқа қатысушыларға ТЖБ аға инженері Исмайыл Азаматов өрт қауіпсіздігі туралы түсінік берді.

Ауыл әкімінің, айтуынша жыл басынан округте екі өрт оқиғасы тіркелген. Округ орталығындағы екі пәтерлі тұрғын үй және округке қарасты Сәуле ауылындағы  бір пәтерлі тұрғын үй отқа оранған.

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале