20.11.2019, 16:50
Оқылды: 27

Бөрлі ауданында 323 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Бөрлі ауданында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

borli (2)

-Шараның мақсаты жол көлік оқиғаларының алдын алу, жол ережелерінің қатаң сақталуын бақылау, көлік жүргізушілерінің құжаттарының дұрыстығын тексеру. Шара басталғалы жол жүру ережесін бұзғандарға 35 хаттама толтырылды. Жүргізуші куәлігісіз көлік айдаған 3 адамның көлігі айып тұрағына қойылды. Жыл басынан бері 323 жол ережесін бұзу фактісі тіркелді, - дейді Бөрлі ауданы полиция бөлімі басшысының орынбасары Тимур Майранов.

borli (4)

Жедел-профилактикалық шара кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлімі бойынша тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiкті жүргізгендерге 4 хаттама толтырылған.

Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық тексеруден өтпеген көлiкті тізгіндеген 39 жүргізушіге айыппұл салынған. Көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен 61 адам, қауiпсiздiк белдікті тақпаған 72 адамға хаттама толтырылса, 9 жүргізуші көлікті масаң күйде басқарған. Құжаттары және басқару құқығы жоқ көлiк айдаған 51 факт тіркелсе, көлiк жүргізу құқығынан айрылған 3 жайт анықталып, айып тұрағына 52 көлік қойылды.

Сонымен қатар басқа да заңбұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттама толтырылған.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале