21.11.2019, 15:51
Оқылды: 25

Әлемді мойындатқан саңлақтармен кездесті

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен "Мұхит жастары" ЖҚБ ұйымдастыруымен "Әлемді мойындатқан алпауыттар" атты спортшылармен кездесу кеші өтті. 

qaratobe sport (1)

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спортшысы, самбодан әлемнің төрт дүркін чемпионы Ерболат Байбатыров, грек-рим күресінен жастар арасында әлем чемпионы, жерлесіміз Артур Үмбетқалиев, «Арм» спорт үйірмесінің жаттықтырушысы Нұрхат Нысанов, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Қараш Алдабергенов және аударыспақтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Нармағамбет Иманғазыұлы қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Рашит Нәсіпқалиұлы аудан әкімдігінің спорт саласын дамытуға және халықаралық аренада еліміздің имиджін ілгерілетуге үлес қосып жүрген спортшыларға қолдау ерекше екеніне тоқталды.

qaratobe sport (5)

Самбодан әлемнің төрт дүркін чемпионы Ерболат Байбатыров қазіргі спортшы жастардың келбеті мен болмысы, өресі мен парасаты және өскелең ұрпақ кімдерге қарап бой түзеу қажеттігі төңірегінде ойға қонымды пікірлер айтты. Өзінің жарқын жеңістері жайлы да тағылымды әңгіме өрбітті. Ал бүгінде жаттықтырушылық қызметте жүрген жерлесіміз Артур Үмбетқалиев кісілік пен кішілік үлкендерге құрмет пен қарапайымдылықтан басталатынын айтып, жастарды спортпен шұғылдануға шақырса, Нармағамбет Иманғазыұлы, Қараш Алдабергенов, Нұрхат Нысановтар осындай ізгі шараны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале