22.11.2019, 11:32
Оқылды: 50

Қабылдауда бірнеше жәнібектік тұрғын үй сұрады

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде «Азаматтарды бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» жалпы республикалық іс-шарасы өтті. Онда аудан әкімі Азамат Сафималиев және бөлім басшылары тұрғындарды қабылдады.

 janibek (2)

Қабылдауда болған аудан тұрғындары Индира Ахметқалиева, Света Көккөзова, Бекболат Оразов, Асқар Сыдықов тұрғын үй сұраса, Тыныштық Тырмышева аудандық аурухана қызметкерлерінің жұмысына наразылық білдірді. Сонымен қатар «Балдәурен» балабақшасындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлмира Чукина аталған пән бойынша аудан орталығындағы мектептердің бірінен қосымша сағат беруін өтінді. Ал Бибінұр Жұмағалиева аспаз мамандығы бойынша жұмыс сұраса, Серікбай Исенғалиев тұрақты мекенжайы болмағандықтан жергілікті аурухана қызметкерлерінің емдемейтінін айтты. Зейнеткер Қанат Кишкилов сарып ауруына шалдыққан бір сиырын тезірек облыс орталығына апарып тапсыруға көмек сұрады.

Қабылдау барысында басшылар жергілікті тұрғындардың мәселесі бойынша жұмыс жүргізіле беретіндігін жеткізді.

Осындай қабылдау ауданның барлық ауылдық округтерінде де өтті.

Лаура Қалы

суреттерді түсірген автор

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале