25.11.2019, 12:38
Оқылды: 21

Ақынмен кездесті

Бөрлі аудандық кітапхана орталығында ақын Дариға Нұрашевамен сұхбат өтті. Ақынның 55 жас мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған мерекелік кездесу «Бір қызымын өлеңнің» деп аталды.

borli (2)

Кітапхана оқырмандары мен жоғары сынып оқушылары қатысқан әдеби-мәдени шарада мерейтой иесінің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы экраннан бейнебаян көрсетіліп, әңгіме өрбіді. Ақын шығармашылығынан көрме ұйымдастырылып, шолу жасады.

borli (3)

Кешке қатысушы оқушылар ақынның «Жайық дегенде», «Бір қызымын өлеңнің», «Кітапхана» атты өлеңдерін жатқа оқыды.

Әдеби-сазды кештің соңында кітапхана ұжымы ақынға сыйлық ұсынып, жылы лебізін білдірді. Оқырмандар да сүйікті ақынынан қолтаңба алып, естелік-суретке түсті.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале