Теректі ауданының Федоров қазақ мектебінде аудандық балалар шығармашылық үйінің ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Кездесудің қонақтары облыстық Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының бас режиссері, актер, ҚР Президентінің "Құрмет" грамотасының иегері Самал Абуов пен ҚР Мәдениет саласының үздігі, халықаралық фестивалдің актерлік шеберлік аталымында көркемсөз оқудан гран-при иегері, актриса, аудармашы, жерлесіміз Эльмира Мақашева болды.
"Өнермен өрілген өмір" атты шараны жүргізген балалар шығармашылық үйінің жас тілшілер үйірмесінің жетекшісі Үміткер Орынғалиев кейіпкерлермен сұрақ қойып, кеш шырайын кіргізді.
"Ғазал" жас ақындар клубының мүшелері өлең оқып, Сұлтан және Бейбарыс Ғарифуллиевтер жанды дауыста ән орындап берді. Эльмира Жұмажанқызы әртіс болам деп армандап жүрген оқушыларға кеңестерін айтты.
Оқушылар да шараның жақсы өтуіне үлестерін қосты. Олар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Самал Қадерұлы мен Эльмира Жұмажанқызы қойылымнан үзінді көрсетіп, әртістік шеберліктерін паш етті.
Әділет Орынбасарұлы
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер