26.11.2019, 17:00
Оқылды: 13

Аққозыдағы аймақтық жарыс

Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Қаратөбе ауданының Аққозы ауылдық округінде ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен ерлер арасында тоғызқұмалақ және волейболдан ашық аймақтық жарыс мәреге жетті.

qaratobe aqqozy (1)

Салауатты өмір салтын ұстанып, спорты жанына серік еткен спортшылар ойынға тыңғылықты әзірлікпен келгендерін көрсетті.

Аймақтық жарысқа Атырау, Ақтөбе облыстарынан және ауылдық округтерден барлығы 14 команда қатысып, бақ сынасты.

Тоғызқұмалақ ойыншының жедел ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал ететін бабаларымыздан жеткен ұлттық спорт түріне қатысушылар саны көп болды. Ойын барысында өздерінің мықтылықтарын көрсетіп алға шыққан ақтөбелік Мейірбек Қарасайұлы I орынды жеңіп алды. Қаракөл ауылдық округінің намысын қорғаған Әбдісалан Рабаев II орынды, Үшана ауылынан қатысқан Талғат Жаңабаев III орынға ие болды.

Волейболда аладопты алақандарында ойнатқан ойыншылар қарсыластарына алма кезек шабуыл жасап үдетіп отырды.

Жарыс қорытындысында Үшана ауылының командасы І орын, Аққозы ауылдық округінің командасы ІІ орын, Шөптікөл командасы ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале