Бөрлі ауданына ҚМДБ бойынша республикалық әйелдер-қыздар секторының жетекшісі, теолог маман Ақбөпе Тілегенова келіп, аудан әкімінің орынбасары А.Көшкінбаевтың қатысуымен біраз жайларды талқылады.
Әңгіме барысында өңіріміздегі мұсылман қыз-келіншектердің мәселелері жан-жақты сөз болып, құнды ұсыныс-пікірлер де ортаға салынды. Сондай-ақ Ақбөпе Тілегенова аудандық мешіт жанындағы әйел-қыздар секторымен кездесіп, «Әйел бақыты» тақырыбында уағыз айтты. Осы ретте, бұл шараға облыстық мешіттің әйел-қыздар секторының меңгерушісі Анаргүл Демеутова қатысып, ардақты Пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен уағыз айтып, мәуліт мерекесін атап өтудің маңыздылығын да назардан тыс қалдырмады.
Бөрлі аудандық
мешітінің баспасөз қызметі