Бәйтерек ауданында өткен Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты республикалық балалар мен жастар байқауында «Дәстүрлі ән» аталымында Қ.Аманжолов атындағы мектептің 3-сынып оқушысы Нұртөре Насиболла бас жүлдеге ие болды.
Домбыраға, дәстүрлі әнге әуес Нұртөренің жетекшісі республикаға танымал әнші-термеші Артур Сисенов.
- Балам кішкентайынан домбыраға, қазақтың дәстүрлі әндеріне құмар. Сабақ үлгерімі де жақсы. Бір-екі жылдан бері Переметный ауылындағы аудандық балалар саз мектебінен дәріс алып жүр. Мынау алғашқы жеңісіне қатты қуанып отырмын, жетекшісіне мың алғыс, - дейді Нұртөренің әкесі Мәулет қуанышын жасыра алмай.
Ертай Бимұханов
Бәйтерек ауданы
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер