Теректі ауданында "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үнемделген қаржыға жасанды жол кедергілері орнатылады.
Аудан әкімдігі жанындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның кезекті отырысынан кейін аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Шарафутдин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Аслан Даубаев, Федоров ауылдық округінің әкімі Әсет Аубакиров және аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Амангелді Убишев кедергілер қоятын көшелерді пысықтады.
Осылайша, Сұңқар, Центральный, Достық, Тәуелсіздік, Бейбітшілік, Зрелов, Тракторный, Абай көшелерінде орналасқан кітапхана, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық орталықтандырылған аурухана, саз мектебі, дене шынықтыру және сауықтыру кешені, "Ақ желкен" балабақшасы, Достық үйі, Федоров қазақ мектебінің алдына жол кедергілерін қою жоспарға енгізілді. Енді аталмыш жұмыстарды желтоқсан айында аяқтап шығу міндеті тұр.
Аягөз Айтқалиева
Теректі ауданы
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер