Шыңғырлау ауданында «Jastar jyly – 2019» және Шыңғырлау ауданы әкімінің жүлдесіне арналған волейболдан ерлер арасында ашық турнир өтті.
Ауданда жалпы бұқаралық, ұлттық спорт түрлері және кешенді жарыстар, түрлі спартакиадалар мен мерекелік күндерге арналған турнирлар жүйелі ұйымдастырылып келеді. Әрі ауданда биыл жаңа «ChinRealPower» спорттық жобасының тұсауы кесілді.
Сонымен бұл турнирге Бөрлі, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау ауданының І, ІІ құрама командалары және балалар жасөспірімдер спорт мектебінің командалары қатысты. Тартысты өткен доп додасында І орын Жаңақала, ІІ орын Қаратөбе, ІІІ орын Шыңғырлау ауданының құрама командаларына бұйырды.
Айта кетелік, жарыста А.Айдынғалиев (Шыңғырлау ауданы БЖСМ), «Үздік байланыстырушы», С.Саматов (Шыңғырлау ауданы) «Үздік ойыншы», Б.Қайырғали (Сырым ауданы) «Үздік қорғаушы», А.Мұрадым (Бөрлі ауданы) «Үздік шабуылшы», Қ.Габдуллин «Үздік төреші» атанды.
Жеңімпаз командалар «Шыңғырлау» спорт клубының дипломдарымен, ақшалай сыйлықтарымен, арнайы медальдармен және кубоктармен марапатталды.
Шынар Жолдығалиева,
«Шыңғырлау спорт клубының» бас маманы
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер