10.12.2019, 10:06
Оқылды: 22

Бөрліліктер 137 шақырымды жаяу жүріп өтті  

Тұңғын Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолдау мақсатында Бөрлі ауданының Жас туристер станциясының ұйымдастыруымен «Федоровка – Донецк – Богдановка – Приречное – Тихоновка – Киров – Кеңтүбек - Ақсай» маршруты бойынша І қиындықты дәрежелі жаяу жорығы өткізілді.

borli (2)

Жаяу жорыққа қатысушылардың құрамында Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогтары А.Сабитов, А.Ізімғали, А.Тілепқали, Т.Ералиев, Н.Қасым, И.Сағыналиев, Т.Мергенбаев, М.Қуандыков, Р.Мұхамбеткереев Т.Орынов, Ж.Еркін қатысты. Жаяу жорықшыларға туризм бөлімінің әдіскерлері Е.Сәрсенғалиев пен Б.Насыров жетекшілік етті.

borli (5)

Теректі ауданы Федоровка елді мекенінен басталған жаяу жорық сызықты типте ұйымдастырылды. Жоспар бойынша жаяу жүргіншілерге жол қауіпсіздік ережелерін сақтаумен қатар белгіленген маршрут бойында орналасқан елді мекендердің табиғатымен, тұрмыс тіршілігімен, тарихымен танысуда топонимикалық, картографиялық, өлкетанулық зерттеулер жүргізу жүктелді.

borli (4)

137 шақырымға созылған жаяу жорық жоспарға сай жүре отырып, алты күнде аяқталды.

borli (6)

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале