Жәнібек ауданының әкімдігінде аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы ҚР Мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтіп, оған ауылдық округтердің әкімдері мен дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде Жақсыбай және Талов ауылдық округтері бойынша мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы туралы мәселелер қаралып, аталған ауылдық округ әкімдері Алмат Қаратаев пен Нұрдәулет Қыдырғалиевтің, сондай-ақ аудан көлемінде мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен стандартқа сай келуіне жүргізілген мониторинг барысында анықталған кемшіліктер және оның жойылуы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанованың хабарламасы тыңдалды.

-Жақсыбай ауылдық округі бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық заңының 12-бабына сай ауылдық округ аумағында мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуын, олардың тігілуін, орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында ауылдық округ бойынша арнайы комиссия құрылды. Комиссияның жұмысы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, - деді осы ауылдың әкімі Алмат Бақытұлы.
А.Есіркепов
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер