Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында 2001-2002, 2003 жылы туған және одан да кіші жасөспірімдер арасында волейболдан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты жалуын көтеріп, ұлдар командасынан алты, қыздардан төрт команда өзара шеберліктерін сынады.
Айта кету керек жыл сайын жоспарлы түрде өтетін жарысқа көршілес Атырау облысының жас ойыншылары қатысып, жарыс көркін қыздырды.
Тартысты кездесу жасаған жасөспірімдер арасындағы спорт ойынында ұлдардан Қарасу командасы І орын, Атырау командасы ІІ орын, Жалпақтал БЖСМ командасы ІІІ орын алса, қыздардан Жалпақтал командасы І орын, Тереңкөл командасы ІІ орын, Атырау командасы ІІІ орынды жеңіп алды.
Жарыс өте тартысты өтіп, спортшылар да, спорт жанкүйерлері де әр ойын сайын қиқуға басып, зал ішін күні бойына жаңғырықтың астына алды. Осы жарыста үздіктер де анықталды. Айнамкөз Айтжан "Ең үздік тосқауылшы", Ақторғын Мұхамбетқалиева "Ең үздік ойыншы", Алида Шамұратова "Ең үздік қорғаушы", Тұрарбек Бақтығалиев "Ең үздік қорғаушы", Аңсар Асылбеков "Ең үздік тосқауылшы", Ильяс Сәрсенбай "Ең үздік ойыншы" атанды.
Қыдыр Харесұлы
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер