20.12.2019, 11:05
Оқылды: 14

Электронды құжат айналымын жүргізу тәсілдері түсіндірілді

Қаратөбе ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлының төрағалығымен аудандағы мекемелер мен бөлімдердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері және жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты жауапты мамандардың қатысуымен алқалы жиын өтті.

qaratobe (2)

Жиында заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қабылдау тәртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерінің көрсетілу тәртібі, тапсырмалардың орындалуы сынды бірқатар мәселе талқыланды.

Аудан әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы Асланбек Серікұлы заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары мен өтініштерін қабылдау тәртібі туралы, бөлімнің бас маманы Дана Қайратқызы аталмыш жұмыстарды «Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесімен» жүргізу тәсілдері туралы түсініктер берді.

Ж.Сұлтан аталған жүйе бойынша әлі күнге дейін жұмыс жүргізбей келген ауылдық округтер әкімдерін сауалдың астына алып, Жаңа жылдан кейін заман талабына сай баршаға бірдей «Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесімен» жұмыс жүргізілуі тиіс екендігін назарға салды.

qaratobe (3)

– Енді бұрынғыдай құжаттарды электронды поштамен, әлеуметтік желі арқылы жіберуге жол жоқ. Барлық мемлекеттік мекемелерде электронды құжат айналымын атаулы жаңа жүйе арқылы жүргізетін уақыт жетті. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін тіркеуде кеткен кемшіліктер жоқ емес. Жіберілген кемшіліктерге бөлімдер, мекеме басшылары мен ауылдық округтер әкімдері тікелей жауап береді. Тәртіптік шара қолданылады. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуына баса мән берілуі тиіс, - деді Жасұлан Кәрелұлы.

«Мемлекеттік көрсетілетін  қызмет түрлерінің тәртібі туралы» аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Елдос Орынғалиевтың хабарламасы тыңдалды. Елдос Ерланұлы аудандағы кейбір мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері тәртібінің бұзылуына жол берілгенін айтып, аталған кемшіліктерді түзету мақсатында кеңес берді.

Жиналыста балалар қауіпсіздігіне айырықша мән берілді. Қиын жағдайдағы балалардың жағдайын қадағалап, назардан тыс қалдырмау мәселесі айтылды.

 Күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты Жусандыой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ербол Бақытжанов, Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Берікқали Муса, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Баян Жамбылқызы, аудандық білім беру бөлімінің жетекші маманы Іңкәр Есқазиева сауалдар тастап, пікірлерін ортаға салды.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан жиынды қорытындылап, күн тәртібінде айтылған басты мәселе «Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесімен» жұмыс жүргізуге байланысты мамандарды аудан орталығында бір ай мерзімге оқыту туралы аудан әкімі Жанат Асылханұлының ұсынысын жеткізді.

 Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

        

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале