23.12.2019, 12:53
Оқылды: 10

Саралжында түлектер форумы өтті

Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында туындайтын "Туған жер" жобасын жүзеге асыру мақсатында Қаратөбе ауданының Саралжын ауылдық округінде мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен "Адамзаттық құндылықтар – рухани дамудың қайнар көзі" атты түлектер форумы өтті. 

qaratobe forum (4)

Жиында сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, жерлес ақын Талап Таймасұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жаңабек Жақсығалиев қасиетті өлкенің тарихына тоқталса, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев мектептің жаңаруына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматты марапаттады.

qaratobe forum (6)

Қаратөбе ауылдық округінің әкімі, аталмыш мектептің түлегі Айдос Орынбайұлы кәсіпкер азаматтармен біріге отырып бұрынғы мектеп орнына саябақ салғысы келетіндерін айтып, жиналғандарды бір қуантты.

 

⁃«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қазіргі қазақ қоғамын, әсіресе, жас ұрпақты отаншылдыққа, елжандылыққа, ұлтжандылыққа баулитын орасан зор жұмыстардың басталғанын жоққа шығару мүмкін емес және оның жүйелі, тиянақты, кәсіби түрде жалғаса беруіне бүкіл ел-жұрт болып жұмылуымыз керек. Түлектер форумында әркім қолынан келгенше, риясыз көңілімен жақсы нәрсеге мұрындық болып жатыр. Өздеріңіз көргендей мектептің азды-көпті болса да техникалық базасы жаңарып қалды. Форумды ұйымдастырған мектеп ұжымына, жас болса да бас болып жүрген Бағдат інімізге түлектер атынан ризашылығымызды білдіре отырып, алғысы айтамыз, - деді Жаңабек Жаңабайұлы.

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале