23.12.2019, 18:06
Оқылды: 90

Жәнібекте пробацияның жылдық жиыны өтті

Бүгін Жәнібек ауданық әкімдігінде қылмыстық жазасын өтеген және пробация есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік көмек ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.

janibek (1)

Оған аталған орган мүшелері, ауыл әкімдері қатысты. Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Асхат Молдағалиев жүргізді. Басқосуда аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Нұрлыбек Қуанышқалиев есепте тұрған сотталғандармен жасалған рецедивті қылмыстар мен аудандық пробация қызметінің жылдық есебін баяндады.

-Жәнібек аудандық пробация қызметі есебінде жыл бойы 25 сотталған адам есепте тұрды. Оларға қатысты 35 әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламасы жасалды. Соның нәтижесінде сотталғандардың алтауы тұрақты жұмысқа, екеуі квота бойынша, біреуі әлеуметтік, біреуі қоғамдық ақылы жұмысқа тартылды. Мұның сыртында бір сотталған қысқа мерзімдік оқуға жіберілсе, енді біреуі «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы бизнес бастау жобасын аяқтап, 500 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болды, - деді Н. Қуанышқалиев.

 Жиында кеңес мүшелері 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына өзіндік ұсыныстарын енгізіп, ой-пікірлерін ортаға салды.

Әсемгүл Әбділдақызы

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале