Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның 4-тоқсандағы отырысы өтіп, оған комиссия мүшелері қатысты.

Отырыс барысында 2019-2020 жылдардың күзгі-қысқы маусымына дайындық туралы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хайырлиев, төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген немесе туындаған кезде халыққа хабар беру және құлақтандыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын шаралар туралы Жәнібек ауданының сервис желісі пунктінің инженері Сағымжан Ибрагимов, аудан аумағындағы әлеуметтік тұрғыдағы осал отбасылардың жағдайы туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев, алдыңғы өткен комиссия отырыстарының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Мерлан Еркеғұловтар өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Қойылған сауалдарға жауап берілді.

Комиссия отырысын аудан басшысы Азамат Сафималиұлы қорытындылады.
А.Қожағұл
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер