25.12.2019, 12:05
Оқылды: 19

«Адам бол» еріктілер тобы балаларға жаңа жылдық мереке ұйымдастырды

Айналаға жақсылық шуағын шашсақ деге ниетпен құрылған Бөрлі ауданындағы «Адам бол» тобының жастары «Яппи бар» мейрамханасында аз қамтылған және көмкке мұқтаж отбасылардың балаларына арналған жаңа жылдық шара ұйымдастырды.

borli (2)

Шараға ата-аналарымен бірге 40-қа жуық бала қатысты. Шара барысында балғындарға мерекелік көрініс ұсынылды. Лотория с ойынатылып, қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

-«Адам бол» тобының жұмыс бастағанына 4 айдай уақыт болды. Әлеуметтік желіден парақша аштық. Өз қаражатымызға және тұрғындардың арнайы есепшотқа салған қаражатына көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік жеткіземіз. Тобымызда бүгінде 12 ерікті бар. Көбі жұмыста болғандықтан уақытымыз шектеулі. Дегенмен сол қарбаластың арасында жақсылық жасауға ретін табамыз,-дейді топ мүшесі Арыстан.

borli (1)

Иә, қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі. Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі.  Айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.

Мейрамбек Сыдық

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале