Бөрлі ауданы мәслихатының кезекті 45-сессиясы бекітілді. Кезекті сессияны Бөрлі аудандық мәслихатының депутаты, сессия төрайымы Н.Шиганакова жүргізді.
Сессияда Бөрлі ауданының әкімі М.Сатқанов, Батыс Қазақстан облысының депутаты А.Манашев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, Ақсай қаласының әкімі, бөлім, мекеме, ұйым басшылары, селолық округтер әкімдері, Бөрлі ауданының Қоғамдық кеңес мүшелері, Ақсай қаласы және селолық округтердің жергілікті қоғамдастық және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Сессияның басты мәселесі бойынша«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамғонова баяндама жасады. Пікірталасқа облыстық және аудандық мәслихат депутаттары А.Манашев, А.Куликешев, А.Агаев, М.Махауова, Қ.Ермекбаевтар қатысты. Мәслихат депутаттары алдағы жылдың бюджет жобасын қараша айында тұрақты комиссия отырысында алдын ала қарап, талқылағанын белгілей отырып, 2020 жылғы ауданның өзіндік бюджеті 13 437 073 көлемінде бекітті.
Соның ішінде, білім саласына – 6 млрд. 946 млн. 477мың теңге, әлеуметтік қөмек және әлеуметтік қамтамасыз ету - 431 млн. 453 млн.теңге, транспорт және коммуникация – 1 млрд. 479 млн. 694 мың теңге, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық – 1 млрд. 229 млн. 196 мың теңге, құрылыс және архитектура бөлімдеріне – 142 млн. 520 мың. теңге, мәдениет, спорт, өлкетану, архив, ақпараттық кеңістікке – 977 млн. 100 мың теңге, ауышаруашылық саласына және жер қатынастары–174 млн. 720 мың теңге бөлінген.
Сондай-ақ ауданға нысаналы трансферттер мен кредиттер 5 млрд. 578 млн. 153 мың теңге көлемінде бекітілді.
Г.Шамғонованың «2020 – 2024 жылдарға арналған Ақсай қаласын дамыту мен салудың кешенді жоспарын бекіту туралы» мен Бөрлі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №32-5 «2016-2020 жылдарға арналған Бөрлі ауданының аумағын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» баяндамалары тыңдалды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Бұдан соң аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамына өзгерістер еңгізілді. Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, келесі болатын сессия төрағалығына «Спорт» сайлау округі бойынша депутат А.Имашева сайланды.
"Бөрлі жаршысы" ақпарат
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер