5.01.2020, 17:17
Оқылды: 104

Бөрліде жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Мемлекеттің басты стратегиялық бағыттарының бірі- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Соңғы жылдары елімізде жемқорлық деңгейін төмендету бойынша едәуір  жұмыстар жасалған. Алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия құрылып, 100 нақты қадам - ұлт жоспарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясаттың іске асырылуы нақтыланды.

adaldykalany

Бөрлі ауданы әкімдігінде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бағытында арнайы жиын өтті. Оған облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Исақұлов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.Ақмырзаев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысты.

Бұл алқалы жиынға аудан әкімі Миржан Сатқанов төрағалық етіп, күн тәртібіне сай «Transparensy International Kazakhstan» қоғамдық қоры жүргізген Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі айтылды.

Одан кейін БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.Ақмырзаев пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Самет агенттік жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды. Әрі қатысушыларды адалдыққа, үндеп, мемлекет мүддесіне сай қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ басқосуда облыс бойынша жемқорлыққа жол беріп, сот үкімімен қамауға алынған бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер туралы да айтылды.

Жиынды қортындылаған аудан әкімі М.Сатқанов қай кезде де жемқорлықпен күрес ең басты, ең маңызды мәселе екендігін алға тартып, жерлестерін  елге адал қызмет етуге шақырды.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале