Ақсай қаласының «Қарашығанақ» спорт кешенінде шаңғы мезгілінің ашылуына арналған жасөспірімдер мен ересектер және ардагерлер арасында шаңғы тебуден аудан біріншілігі өтті.
Ашылу салтанатына қатысқан Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Исанов, БҚО шаңғы федерациясының вице президенті С.Хайруллин және Бөрлі ауданының спорт ардагері Е.Дарханов спортышалрға сәттілік тіледі.
Додаға Ақсай қаласының №1 мен №3 мектебінің командалары, Ақбұлақ, Бумакөл, Приурал, Кеңтүбек, Қарағанды ауылдық округтерінің және КПО б.в компаниясының командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша әртүрлі жас ерекшелігіне қарай қыздар арасында М.Жақсылыкова, З.Досқалиева, Д.Мұхамбетқалиева, А.Кабишева, С.Шишкина үздік шықса, ұлдар тартысында А.Бердіғали, Э.Маликов, Р.Акбалиев, Б.Ғадилшиев, Е.Сансызбаев мәреге бірінші келді. Әйелдер арасында Л.Малибога, М.Қойшығұлова, Т.Ветрова, Л.Галюк есімді спортшылар мықтылық танытса, ерлер арасында А.Алиев, И.Сағыналиев, В.Ольхавик, В.Пивень, А.Туркот, Е.Дархановтар жүйріктіктерін дәлелдеді.
Командалық есепте бірінші орынды №3 мектептің командасы алса, екінші орын Қарағанды ауылдық округінің командасына бұйырды. Бумакөл ауылының командасы үшінші орынға қол жеткізді.
Мейрамбек Сыдықов
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер