21.01.2020, 11:22
Оқылды: 65

Жымпитыдағы жатақхана тұрғындарымен кездесті

Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева Жымпиты ауылындағы жатақханалардың тұрғындарымен кездесті.

syrym (3)

Кездесуге Жымпиты ауылдық округінің әкімі Бекболат Мұхамбетжан, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиев және бірқатар сала басшысы қатысты.    Жымпиты ауылындағы 3 жатақханада 40 пәтер бар. Жиналыста пәтер иелеріне жатақхананың жаңа коменданты Мұрат Әділгереев таныстырылды.

 - Басты мәселе - қауіпсіздік және тазалық. Әр пәтер, әр тұрғын тазалық пен тәртіпті сақтауы керек. Бірінші өзімізді, кейін көршімізді сыйлайық, - деді Шынар Дүйсенғалиева.

syrym

Бұдан бөлек, тұрғындарға жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек алу шарттары, жеке кәсіп бастау үшін мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы түсінік берілді.

Өлеңті ауылындағы жатақхана тұрғындары әр пәтерге тұрмыстық газ орнату немесе ортақ ас үй қажеттігі секілді мәселелерін көтерді.

Бауыржан Ширмединұлы

 Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале